Келіссөзде тараптар далалы жерлердегі зерттеулер қорытындысын қарап, қалған шекара бөліктерін белгілеуді жалғастырған.
Ресми мәлімет бойынша, кездесу барысында Өзбекстанның Ферғана облысы мен Қырғызстанның Баткен облысы шегіндегі Шахимардан және Газнов екі шекара бөлігі нақтыланған. Келіссөз қорытындысында хаттама түзіліп, екі жақ Өзбекстанның Ферғана және Наманган облыстары мен Қырғызстанның Баткен және Жалал-Абад облыстары шекарасының қалған бөлігін сызу жұмыстарының мерзімін белгілеген.
2017 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан ортақ 1378 километр шекараның 1170 километрі бойынша келісім жасасқан. Шекараның қалған 208 километрі 2017 жылдың соңына дейін нақтылануы тиіс болған еді. Бірақ делимитация және демаркация жұмыстары әзірге аяқталған жоқ.