Ссылки доступа

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 650 құтқарушы жайлаудағы өртті сөндіріп жатыр


Қырғызстанның Талас облысы Алмалуу жайлауындағы өрт Қазақстан аумағын да шарпыды. Қырғыз тарапынан тілсіз жаумен 500 адам, ал қазақтар тарапынан шамамен 150 адам өрт сөндіріп жатыр. Бұған қоса, қазақстандықтар өртті сөндіруге тікұшақ қолданды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстан жағында шамамен бір гектарды өрт шарпыған.

Талас облысы Манас ауданы аумағындағы Алмалуу жайлауында 5 тамызда қураған шөп өртене бастаған. Төтенше жағдайлар министрлігі жайлаудағы өрт 28 маусымда тұтанғанын хабарлады. Оны 4 тамызда сөндірген, бірақ ертесіне өрт қайта тұтанып, шамамен 2 мың гектар жерді алған.

Тілсіз жаумен күреске Талас облысының бірнеше ауданындағы өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. 1 тамызда Манас ауданында төтенше жағдай енгізілді.

XS
SM
MD
LG