Дилшод Акрамовты 4 тамызда жұмыс орнында өлтіріп кетті.
Ішкі істер министрлігіндегі жоғары лауаызымды бір шенеуніктің хабарлауынша, Дилшод Акрамовты өлтірген адам арнайы операция барысында ұсталған. Оның сөзіне қарағанда, басқарма басшысын "өз қарамағындағы адам пышақтаған". Дереккөз мәліметі бойынша, Акрамовты өлтіруге басшы мен қызметкер арасындағы "жеке бастың жанжалы" түрткі болған.
Өзін Акрамовтың туысқанымын деп таныстырған кісі Дилшодты өлтірген адамды оның "оқушысы болғанын" айтты. "Бұл адам Акрамовтың жұмыс кеңсесіне кіріп, оның бетіне қышқыл шашқан, сосын денесінің бірне жерінен пышақтаған", - дейді Акрамовтың туысқаны.
Оның айтуынша, Акрамовты өлтірген адам да басшыға шабуылдаған кезде жараланған. "Басшы өзін қорғау үшін кісі өлтірушіге екі-үш мәрте пышақ сұғып үлгерген. Оны күзет қашып жүрген жерінен ұстады. Оны ауруханаға алып барды, бірақ ол терезеден секіріп кеткен", - деді дереккөз.
Еске салайық, подполковник Дилшод Акрамов Өзбекстан ІІМ қоғамдық тәртіп және күзет қызметі бас басқармасының басшысы қызметіне биыл шілде айында тағайындалған. Кісі өлтіру қылмысына қатысты іс қозғалды.