Министрлік мәліметі бойынша, жайлаудағы өрт 28 шілдеде шыққан. Тілсіз жау 4 тамызда сөндірілді. Бірақ 5 тамызда өрт қайта тұтанып, 2 мың га жерді алып үлгерді.
Өртті сөндіруге Талас облысындағы бірнеше ауданның қызметтері жұмылдырылды. Оларға милиция қызметкерлері, орман шаруашылықтары, техникалық лицей және 200-ге жуық жергілікті тұрғын көмектеседі. Өртпен барлығы 350 адам күресіп жатыр.
1 тамызда Манас ауданында төтенше жағдай жарияланды.