Ссылки доступа

АҚШ Ұлттық барлау басшысы: Конгресс сайлауына сырттан араласу қауіпі бар


Дэниэл Коутс
Дэниэл Коутс

АҚШ Ұлттық барлау басшысы Дэниэл Коутстің мәлімдеуінше, барлау қызметі биыл қараша айында өтетін Конгресс сайлауына сырттан ықпал ету қауіпі бар деп есептейді. Оның айтуынша, демократиялық процеске ықпал етуге ұмтылатын елдер Ресеймен ғана шектелмейді.

Дегенмен америкалық арнайы қызмет Мәскеудің Құрама Штаттарды бөліп, әлсіретуге тырысуын жіті бақылап отыр, деді Коутс. Ұлттық барлау басшысының мәліметі бойынша, Ресей ықпал ету үшін түрлі амалдар қолданады, оның артында Ресей билігі ғана емес, жекелеген тұлғалар да тұр.

2 тамызда америкалық сенаторлар Ресейге қарсы жаңа санкциялар жобасын таныстырды. Ол санкциялар Ресейдің америкалық сайлауларға ықпал етуі, Қырымның аннексиясы, сонымен бірге Сириядағы саясаты үшін қабылданады. Шілде айының аяғында саясаткер Боб Коркер Ресейге қатысты жаңа амалдарды қараша айының соңына дейін қабылдауға уәде берді.

Вашингтон Ресейді хакерлердің, ақпарат құралдар мен әлеуметтік желілердің көмегі арқылы 2016 жылы АҚШ президентін сайлауға ықпал етті деп айыптады. Мәскеу шетелдегі сайлау процесіне араласты деген айыптарды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG