Ссылки доступа

Қырғыз депутаты Осмонбек Артыкбаевтың мүлкіне арест салынды


ҚСДП партиясы атынан депутат Осмонбек Артыкбаевтың мүлкіне арест қойылды. Бұл тураы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады. Тиісті шешімді сот шығарған. Депутат жемқорлық жасады деген күдікке іліккен.

Осмонбек Артыкбаевты 7 шілдеде Бішкек ЖЭЦ-ін жетілдіру жобасы бойынша жемқорлық жасады деген айыппен ұсталды.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, Бішкек ЖЭЦ-ін жөндеу жобасы жүзеге асырылған уақытта елдің энергетика және өнеркәсіп министрі қызметін атқарған.

Қылмыстық істі ҰҚМК-інің БАс тергеу басқармасы қарап жатыр.

Осмонбек Артыкбаев пен оның жақындарының арест салынған мүліктері: 7 автокөлік, тұрғын үй, көп пәтерлі үй, төрт кеңсе, дүкен, жер учаскесі. Бұған қоса қоғамдық қорлар мен бірқатар ұйымдардағы үлестеріне арест салынды.

XS
SM
MD
LG