Ссылки доступа

Өзбекстан базарында саудагерлер ұрыны жазалаған (видео)


Скриншот видео самосуда в Каракалпакстане.
Скриншот видео самосуда в Каракалпакстане.

Қарақалпақстанның Беруни ауданындағы базарда саудагерлер ұрлықпен ұсталды делінген жігітті жазалады. Саудагерлер оның қолын байлап, базар қақпасына асып қойған.

Халықтың жазасы туралы видео 2 тамызда Kun.uz сайтында жарияланды.

Интернет басылымның хабарлауынша, бұл оқиға Қарақалпақстанның Беруни ауданындағы "Шоббоз" базарында болған. Базар саудагерлері жас жігітті ұрлық кезінде ұстап алып, оны жазалаған. Саудагерлер күдіктінің қолын арқанмен байлап, қақпаға салбыратып іліп қойған, делінген мақалада.

Видео интернетте жария болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Өзбекстан ішкі істер министрлігі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Хабарларға қарағанда, жергілікті базарда 1 тамызда У.А. есімді азамат күдіктіні жазалаған. Ол жас жігітті ұрлық жасады деп айыптап, оны өз бетімен жазалаған.

Саудагерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Д.Н. есімді азаматқа базарда ұрлық жасады деген күдік тексеріледі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өзбекстан базарларында бұған дейін де саудагерлер ұрыны өз бетімен жазалауы бұған дейін де болған. Өткен жылы қазанда Хорезм облысы Үргеніш қаласында саудагерлер ұрлық жасады деген жас қызды балғаттаған, шешіндірген және ұрған.

XS
SM
MD
LG