Ссылки доступа

Қазақстанда сегіз колонияны жабудан жылына 34 млн доллар үнемделеді (видео)


В Казахстане закрывают восемь колоний. Приведет ли это к росту преступности?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

Қазақстанда сегіз колонияның жабылуынан жылына 12 млрд теңге (шамамен 34,5 млн доллар) үнемделеді.

Бірақ жазаны жүзеге асыру жүйесіндегілер колониялардың жабылуын бюджет мәселелерімен емес, 31 шілдеде қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды гуманизациялауға бағытталған заңның күшіне енуімен байланыстырды.

Заңға сәйкес, экономикалық және жемқорлық қылмысын жасаған бес мың жазасын өтеуші шығынның 80 пайызын өтеп, жеңілдік ала алады.

"Оларды ешкім босатқалы жатқан жоқ, шығын өтелген жағдайда, олар қоныс колониясында қала береді. Біз оларды басқа да қылмыскерлерден оқшаулаймыз. Бірақ олар бұрынғыдай күнделікті жұмыстарын атқара береді", – деп түсіндірді Қазақстан бас прокуратурасының орынбасары Марат Ахметжанов.

Қылмыстық саясатты гуманизациялау туралы жаңа заңда Қазақстанда қоғамға қауіптілерді ғана оқшаулау қажеттігі айтылған. Ал қалғадары түрмеде отырмай, қоғамға пайдасын тигізуі керек, деп есептейді Бас прокуратурадағылар. Мысалы – қоғамдық жұмыстармен айналысуына болады. Заң күшіне енген соң, мұндай жұмыстарға мыңдаған адам тартылады.

XS
SM
MD
LG