АҚШ Мемлекеттік департаменті 23 шілдеде кездесудің С5+1 (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ) форматы аясында өткенін хабарлады.
С5+1 форматы аймақтық басты дипломатиялық платформа саналады. Оның аясында АҚШ пен Орталық Азияның бес елі экономикалық интеграция, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік саласында өзара көмек көрсету мақсатында ынтымақтасады.
Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде мемлекеттік хатшының экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша көмекшісі Маниша Сингх 20 шілде күні экономикалық байланыстар бойынша жұмысшы тобында АҚШ делегациясын Алматыға бастап келгені айтылады.
Мемлекеттік хатшының Орталық Азия бойынша көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Генри Эншер қоршаған орта бойынша жұмысшы тобында АҚШ-тың қоршаған орта бойынша жұмысшы тобын басқарған. Мемлекеттік департамент мәлімдемесі бойынша, талқылауда С5+1 форматына арналған Орталық Азия аймақтық энергетикалық нарығының (CAREM) жобасы таныстырылған.