Ваиданың әкесі Абдусалом Саидов қызының мүрдесі сот-медициналық сараптамадан соң мәйітханаға ауыстырғанын қайғыра хабарлады.
Саидовтың айтуынша, кісі өлтіру қылмысына байланысты іс қозғалған. "Тергеушілер мені, әйелімді бірнеше мәрте тергеуге шақырды", - деді ол.
Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ваида 22 шілдеде аулада ойнап жүрген кезде жоғалып кеткен. Келесі күні оны темір жол бойынан тапты. Құтқарушылар бес жастағы қызлың денесі салынған сөмкені көрген. Сот-медициналық сараптама қызды зорлағанын, одан соң пышақтап өлтіргенін анықтады.
Қылмыс жасады деген күдікпен көрші үйде тұратын 28 жастағы Александр Семин ұсталды. Оның пәтіренін қыздың аяқ киімінің, саусақ іздері табылғаны хабарланды.