Ссылки доступа

Ресейде кісі қолынан қаза тапқан бес жастағы тәжік қызының денесін елге алып келеді


Ваида. Фото из семейного альбома
Ваида. Фото из семейного альбома

Мәскеу облысы Серпухова қаласындағы темір жол станциясы маңында кісі қолынан қаза тапқан бес жасар тәжік қызы Ваиданың денесін сәрсенбі күні Тәжікстанға алып келеді.

Ваиданың әкесі Абдусалом Саидов қызының мүрдесі сот-медициналық сараптамадан соң мәйітханаға ауыстырғанын қайғыра хабарлады.

Саидовтың айтуынша, кісі өлтіру қылмысына байланысты іс қозғалған. "Тергеушілер мені, әйелімді бірнеше мәрте тергеуге шақырды", - деді ол.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ваида 22 шілдеде аулада ойнап жүрген кезде жоғалып кеткен. Келесі күні оны темір жол бойынан тапты. Құтқарушылар бес жастағы қызлың денесі салынған сөмкені көрген. Сот-медициналық сараптама қызды зорлағанын, одан соң пышақтап өлтіргенін анықтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен көрші үйде тұратын 28 жастағы Александр Семин ұсталды. Оның пәтіренін қыздың аяқ киімінің, саусақ іздері табылғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG