Олар "террористік топ құрып, терроризмді насихаттады" деген күдікке ілінген. Комитет хабарламасында операцияға қатысты өзге деректер жазылмаған. Тек суық қару мен діни материалдар тәркіленгені айтылады.
Комитеттің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтты. ҰҚК хабарламасында "Бұдан өзге деректерді тергеу жүріп жатқандықтан жариялауға болмайды" деп жазылған.