«Біз Франциядағы әріптестерімізге сұрау жібердік, жауап келді. Бірақ салық төлеуші өзінің аты-жөнін жарияламауға рұқсат бермеді, сол себептен біз хабарлай алмаймыз. Бұл салық құпиясы. Пәтерді заңды жолмен сатып алған, салығы төленген. Ол кірісін жариялап, салығының төленгенін көрсетті. Бұл оның ақшасы. Ол мемлекеттік шенеунік емес», - деді Такиев.
Осыған дейін шетелдік және жергілікті БАҚ-та Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алғанын жарыса хабарлаған. Бірқатар баспасөз Елисей алаңында орналасқан пәтердің суреттерін де жариялаған.