Ссылки доступа

Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санкцияны ұзартты


Еуропалық одақ кеңесі Ресей экономикасының нақты салаларына қарсы санкцияны 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты.

ЕО мәлімдемесінде 28–29 маусымда өткен Еуропалық кеңесте Минск келісімінің орындалуы жағдайын талқылағаннан кейін, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель санкцияны ұзарту жөнінде келіскені айтылған. Кеңес бұл шешімді бірауыздан қабылдаған.

Бұл санкциялар Ресейдің қаржылық, энергетикалық және қорғаныс салаларына қатысты. Бұл тыйымдар Ресейдің Украинаны тұрақсыздандыруына наразылық ретінде, алғаш рет 2014 жылдың 31 шілдесінде енгізілген.

Бұл экономикалық сакнциялар арқылы Ресейге ЕО-ның бірінші және екінші деңгейдегі нарығына кіруіне, қару-жарақ тауары экспорты мен импортына тыйым салынған. Сонымен бірге мұнай барлауы мен өндіруге арналған қызметтер мен технологияларды пайдалануға шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG