Ссылки доступа

Жанармай бекетіндегі өрттен қырғыз және тәжік азаматтары зардап шекті (видео)


Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы жанармай бекетінің өртенуінен төрт адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендердің біреуі - Қырғызстан азаматы, қалғандары - тәжікстандықтар.

Жанармай бекетіндегі өрт 4 шілдеде сағат 20:30-да басталған. Екі сағаттан соң өрт бақылауға алынды, ал 5 шілдеде сағат 05:30-да өрт толық сөндірілді.

Жанармай бекеті Тәжікстанмен шекараға жақын орналасқан, сол себепті оны сөндіруге көрші республиканың өрт сөндірушілері де қатысты. Зардап шеккендер ауруханада жатыр.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG