Ссылки доступа

Жээнбеков: бақталастар саяси қудалауға ұшырамайды


Қырғызстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес - мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала бермек. Бірақ бұл істердің ешқашан саяси астары болмайды. Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков парламентте осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жемқорлықпен күресті саяси бақталастарынан кек алуға пайдаланбайтынын мәлімдеді. Бұған қоса Жээнбеков халық сыбайласқан жемқорлықпен күрестің нәтижесін, мемлекеттік қызметтегі, бизнестегі және қоғамдағы өзгерістерді сезінуі керектігін атап өтті.

2017 жылы қарашада президент боп сайланған соң Сооронбай Жээнбеков жемқорлықпен күресті күшейтетіні туралы мәлімдеді. Содан бері Қырғызстанда жемқорлық айыптарымен бірқатар ірі шенеунік ұсталды, олардың арасында бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков, Бішкектің экс-мэрі Кубанычбек Кулматов және парламент депутаты Осмонбек Артыкбаев бар.

Шенеуніктер ұсталып жатқан уақытта, қазіргі және бұрынғы президенттер - Сооронбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев арасында саяси күрес жүріп жатыр. Ұсталғандардың дені бұрынғы мемлекет басшысына жақын шенеуніктер саналады. Атамбаев үндеуінде бұл қылмыстық істерді "негізсіз және саяси астары бар" деп атаған.

XS
SM
MD
LG