Ссылки доступа

Өзбекстан білім министрі барлық бөлім және басқарма басшыларын қызметінен алды


Өзбекстанның халықтық білім беру министрі Шерзд Шерматов 25 маусымда мекеменің барлық бөлім және басқарма басшыларын қызметтерінен босатқан.

«Мұндай шешім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің министрліктің кадрлық құрамды жаңарту жөніндегі бұйрығына сәйкес қабылданды», – деп хабарлайды жергілікті БАҚ білім министрлігіне сілтеме жасап.

Білім саласы мамандарымен кездесу кезінде Шерзод Шерматов бұдан былай министрліктің қызметі үш қағидаға: сапа, тазалық және әділеттілікке негізделетінін айтқан. «Осы үш мақсатпен жүретіндер ғана қызмет істей алады, дайын еместерімен қоштасамыз», – деген министр.

20 маусымда бес жыл бойы білім министрі болған Улугбек Иноятов қызметінен алынған. Оның орнына инновациялық даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Шерзод Шерматов тағайындалған.

XS
SM
MD
LG