Ссылки доступа

Қырғызстанда валюта айырбастау пунктіне қаурлы шабуыл жасалды (видео)


Қырғызстанның Шу облысы Аламудун ауданына қарасты Ленин ауылында валюта айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды.

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, қылмыс 23 маусымда таңғы сағат 4-тер шамасында тіркелген. Беттерін тұмшалап алған белгісіз біреулер айырбас пунктінің темір есігін BMW X5 автокөлігінің көмегімен жұлып алған. Одан соң жарақаттайтын тапаншамен пункт қызметкерін жаралаған. Шабуылдаушылар барлық ақшаны алып кеткен.

"Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасағандарға іздеу жарияланды.

XS
SM
MD
LG