"Бір ғана Сұрхандария облысында жеті жаңа мешіт ашылған", - деді муфти.
Халықаралық форумға Өзбекстан мен Қазақстаннан шамамен 600 дін қызметкері қатысты. Олар тәжірибе алмасып, мешіт жұмысшыларының біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Бұл кездесу бауырлас халықтардың рухани байланысын нығайтады, деп есептейді ұйымдастырушылар.
Еске салайық, Өзбекстан ірі жолдар бойында туристерге арналған шағын мешіттер салуды көздеп отыр. Мұндай мешіттерде бір уақытта 20-30 адам намаз оқи алады. Шағын мешіттер жұмадағы уағыздарға және мерекелік жиындарға арналмаған.
Бұған қоса, 2017 жылы Ташкенттегі халықаралық әуежайда намаз оқуға арналған бөлмелер ашылды.