Ссылки доступа

Ташкентте милиция қызметкерлері көше сыпырып жүр


Ташкент қаласы Шайхантахур ауданының милиция қызметкерлері бір айдан бері көше сыпырып жүргендерін айтып, шағымданады.

Азаттықтың өзбек қызметіне хабарласып шағымданған Шайхантахур ауданы ішкі істер бөлімшесінің қызметкері бір айдан бері Өзбекстан астанасының “Обиназир” ауданын тазалап жүрміз дейді. Көше сыпыру жұмысына тек жастары 40-тан асқан милиция қызметкерлерін мәжбүрлемейді екен.

«Әр ауысымдағы 30 адамның оны көше сыпыру жұмысына тартылады. Ол үшін біз азаматтық формада киім киеміз. Көшедегі қурап кеткен шөптерді, ағаштарды жұламыз. Кімге шағымданарымызды білмейміз, көмектесіңіздерші», - дейді аты-жөнін жария етпеуін сұраған милиция қызметкері.

Оның сөзінше, олар үйлеріне бармай 34-35 сағаттан жұмыс істейді, араларында ауыз бекітіп, ораза ұстап жүргендер де бар екен.

Ташкент қаласы ішкі істер басқармасының ақпарат және мультимедия орталығының басшысы Бахтияр Иногомов бұл істі зерттейтінін мәлімдеді.

Өзбекстан үкіметінің 2018 жыл 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, азаматтарды мәжбүрлі жұмысқа жегуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG