Хаменеи еуропалық банктердің Иранмен байланысын үзбегенін, Еуроодақ елдері Иранның мұнайы саудасына кепіл болуын талап етті. Бұған қоса Иран Еуроодақтан келіссөздерде Иран ядролық бағдарламасын сөз етпеуін талап етті. "Еуропалықтар біздің талаптарымызды орындамаса, Иран ядролық белсенділігін қайта бастайды", - деді Хаменеи.
8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Иранмен ядролық келісімнен шыққанын жариялады. Артынша-ақ Вашингтон Тегеранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Еуроодақ елдері, Ресей және Қытай Трамп шешімін сынға алып, келісім шарттарын сақтайтындарын мәлімдеді.
2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция және АҚШ бір жақ болып Иранмен ядролық келесімге отырды. Сол арқылы Тегераннан АҚШ пен Еуроодақтың экономикалық санкциялары алып тасталынды, ал Иран ядролық бағдарламасын тоқтатты.