Парламент депутаттарын ЖЭС модернизациясына неге 386 млн доллар сұрағаны қызықтырған.
"386 миллион алған екен, есебін де соған шағып беру қажет болған. Сол себепті қысқаштардың бағасы удай болып шыққан, әкімшілік шығындар - 19 млн доллар, құрал-саймандарды жеткізуге - 9 млн, кеңесші қызметі – 6 миллион доллар болған", - деп мәлімдеді Шыкмаматов.
16 мамырда парламент Бішкектегі ЖЭС апатының себептерін зерттеу жөнінде депутаттық комиссия қорытындысын талқылауды жалғастырды. Алғашты отырыс 10 мамырда өткен еді.
2017 жылы қытайлық ТВЕА компаниясы Бішкек ЖЭС-ін 386 млн долларға модернизациялау жұмысын аяқтады, қаражатты Қытайдың Эксимбанкі несие түрінде бөлген.
2018 жылы 26 қаңтарда ЖЭС-те апат болып, астаналықтар бір апта жылусыз қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады, энергия секторының бірнеше басшысы ұсталды. Парламент апат себептері мен модернизацияға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру жөнінде депутаттық комиссия құрды.