Бұл турасында америка-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм “Узбекистан 24” телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.
Оның айтуынша, құжаттар сауда, коммерция, инвестиция саласына қатысты. Сауда палатасының төрайымы екі елдің әсіресе, мұнай-газ және түрлі-түсті металлургия бойынша әріптестік орнатуға мүдделі болып отырғанын атап айтқан.
Бұған дейін Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Шавкат Мирзияевтің Ақ Үйге алғашқы сапары мамырдың 15-17 аралығына жоспарланғанын хабарлаған.
Трамп пен Миризяев ең алғаш рет 2017 жылы мамыр айында Эр-Риядта өткен араб-мұсылман елдері және АҚШ арасындағы саммит барысында кездескен.
Мирзияев өткен жылы күзде Нью-Йоркке сапарында бірқатар америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысқан. Форумның нәтижесінде АҚШ компанияларымен жалпы құны 2,6 миллиард доллар болатын, мұнай-газ, мұнай-химия, машинақұрылыс, электротехника өнеркәсібі және азаматтық авиация саласына қатысты құжаттарға қол қойылған.