Марқұмның туыстары қақпа дұрыс орнатылмағандықтан, баланың үстіне құлап кеткен деп есептейді.
"Қақпа дұрыс орнатылмаған: іргетасы құйылмаған, сол себепті қозғалып тұрған. Қақпадан өтіп бара жатқан бала онда асылып тұрғысы келген, бірақ сол кезде қақпа құлап түсіп, баланың басын мыжып кеткен", - марқұмның бір туысы.
Орта мектеп директоры Зебихон Ахмедова мектептің шағын аумағы жергілікті кәсіпкерге берілгенін жартылай мойындады.
– Кәсіпкер махалла комитетіне өтініп, спорт зал тұрғызуға жер сұраған. Комитет төрағасы маған шыққанда, қалалық әкімшіліктің рұқсаты болса, мен қарсы емес екенімді айттым. Бірақ спортзал құрылысына жергілікті биліктің ресми рұқсаты шыққан жоқ, - деп ақталуға тырысты директор.
Самарқан облыстық ішкі істер департаментінен бұл мәселеге қатысты пікір алу мүмкін болмады.