Ссылки доступа

Самарқанда МАИ инспекторы қарт көлік жүргізушімен төбелесіп қалды (видео)


В Самарканде инспектор БДД подрался с пожилым водителем
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00
Загрузить файл

Өзбекстанның Самарқан облысы Ургут қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалайтын инспектор қарт жүргізушімен төбелескені түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарады.

Видеода аты-жөні әзірге белгісіз милиция қызметкері өзінің бірнеше әріптесімен бірге қарт кісіге күш қолдануға талпынғаны бейнеленген. "Нива" автокөлігінің жүргізушісі болса оңайлықпен берілгісі келмеген, ол да құқыққорғау органы қызметкеріне қолын көтерген.

Бұл оқиға биыл Ургут қаласының орталығында 5 мамырда болған. Куәгерлердің бірінің сөзіне қарағанда, жанжал инспектордың "Нива" көлігін тоқтатуынан соң болған.

"Түскі екілер шамасы. МАИ қызметкерлері әкесіндей кісіні тоқтатты. Милиция қызметкерлерінің бірі оның иығынын ұстап алып, жерге ұрып жыққысы келді. Бірақ қарт кісі оңайлықпен беріле қоймады", - деді қаланың бір тұрғыны.

Инспекторлардың бірі "Нива" жүргізушісін күш қолданды деп айыптады.

"Біздің инспектор автокөлікті тоқтатқанда, жүргізуші оған жүргізу куәлігін көрсетуден бас тартты. Ол милиция қызметкеріне қол көтерді. Бірақ кейін кінәсін мойындап, МАИ инспекторы алдында кешірім сұрады", - деді ол.

"Нива" автомобилінің жүргізушісімен байланыс орнату мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG