"Ел қауіпсіздігіне төнген жаңа қауіптерге байланысты жоғары мобильді арнайы операция күштері құрылды. Жаңа арнайы бөлімше кибершабуылдарды алдын алуға жұмыс істейді. Бұл жаңадан құрылған бөлімшелер өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарады деп сенемін. Мұндай әскери бөлімшелерді бірінші рет құрдық. Бұл бөлімшелер елдің әр бөлігінде бар. Онда арнайы дайындықтан өткен мамандар жұмыс істейді" деді Назарбаев парадта.
Отарда өткен парадқа үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам әскери техникасы, 30-ға жуық авиация техникасы қатысты.