Ссылки доступа

Президент Земан Чехияда "Новичок" уы дайындалғанын айтты


Чехияда жүйке жүйесін зақымдайтын А-320 газы зерттеу үшін аз көлемде дайындалған. Бұл туралы Barrandov телеарнасының эфирінде Чехия президенті Милош Земан хабарлады.

Тәжірибе 2017 жылы қарашада қорғаныс минстрлігінің Брнодағы әскери зерттеу институтында жүргізілген, деп мәлімдеді Земан. Сынақтан соң улы заттың көзі жойылған.

Қауіпсіздік және ақпарат қызметінің мәліметі бойынша, сынақтан өткізілген зат "Новичок" емес. Дегенмен Земан әскери барлау пікіріне сүйенді.

"Бізде "Новичок" аз көлемде жасалып, сынақтан өткізілген, сосын оның көзі жойылған", - деді Чехия президенті.

Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова "Новичок" Ұлыбританияда, Словакияда, Чехия мен Швецияда әзірленуі мүмкін екендігін айтқан. Сол кезде Чехияның сыртқы істер министрі Карла Шлехтова бұны жоққа шығарған. 26 наурызда Милош Земан мұндай заттың ел аумағында жасалған-жасалмағанын тексеруді тапсырды.

ГРУ-дың бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия британдық СОлсбери қаласында 4 наурызда ес-түссіз табылған. Лондон олардың совет ғалымдары дайындаған "Новичок" затымен уланғанын мәлімдеді. Британ арнайы қызметі у Ресейде шығарылған деп есептейді. Мәскеу бұны жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG