Бұл жөнінде Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерінің басшысы Раджабали Рахмонали мәлімдеді.
Оның сөзінше, 7 мыңға жуық "Тәлибан" қозғалысының содыры Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх, Құндыз, Тахор және Бадахшан елді мекендеріндегі әскери базаға орналасқан. Содырлардың дені - Орталық Азия елдерінің тумасы.
Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы - 1400 шақырым. Тәжік билігі тәліптердің іс-қимылына алаңдайтынын жеткізді. Бұл Тәжікстан үшін ең күрделі, бас ауыртатын мәселе болып отыр дейді Раджабали Рахмонали.