The Denver Post газетінің хабарлауынша, прокурорлар Жұмаевты "Ислам жихады одағы" террорлық тобына қаржылай көмек көрсетті және оның құрамына кірмек болды деп айыптайды. Прокурорлардың мәліметінше, өзбекстандық босқын арнайы код арқылы террорлық топ есепшотына 300 доллар ақша аударған.
30 сәуірде өткен сот отырысында Бахтиер Жұмаевтың адвокаты Дэвид Бэрри Савиц күдіктіге қарсы айыпты терістемек болып, 300 долларды ол өз қарызын төлеу үшін аударғанын мәлімдеген.
Адвокат Федералдық қаупісіздік қызметінің агенттері Жұмаевтан жалған куәлік алды деп есептейді.
Адвокаттың сөзінше, Бахтиер Жұмаев зиратта кезекшілік атқарған. "Сондықтан үш сағаттық тергеу кезінде ол қатты үрейленіп және шаршап тұрды, ол өзін торға түсіп қалғандай сезінді" деді сотта Жұмаевтың адвокаты.
The Denver Post мәліметі бойынша, Бахтиер Жұмаевқа үкім 18 шілдеде шығарылады.
АҚШ-та соңғы жылдары бірнеше өзбекстандық терроризм қылмыстарын жасады деп айыпталған.