Ссылки доступа

Арменияда оппозиция лидері Пашинянды премьерлікке ұсынды (видео)


Никол Пашинян наразылық акциясы кезінде
Никол Пашинян наразылық акциясы кезінде

Арменияда "Елк" парламенттік оппозициялық фракция лидері Никол Пашинянды елдің премьер-министрі лауазымына ұсынды. Үкімет тізгінін қолына алу үшін, Пашинянға кемінде 53 депутат дауыс беру керек.

"Елк" партиясының парламентте тоғыз депутаты бар, ал тағы бір "Царукян" оппозициялық партиясынан 31 депутат бар.

Парламентте негізінен Арменияның Республикашылдар партиясы өкілдері көп орын иеленген. Аталған партия "Дашнакцутюн" партиясымен бір коалицияда біріккен. Бірақ 25 сәуірде басқарушы коалиция тарап кетті.

Арменияда саяси дағдарыс кезінде, екі аптадан бері өтіп жатқан наразылық акциясы премьер-министр Серж Саргсянның отставкаға кетуімен аяқталған. Ол Арменияны 10 жыл бойы басқарып келді.

25 сәуірде Никол Пашинян жақтастары наразылық акциясын қайта жаңартты. Бұл Пашинян мен билік партиясының келіссөзі үзіліп қалғаннан кейін басталды. Пашинян демонстранттарды Ереванның Республикалық алаңына жиналып, "барқыт халықтық революция жеңісін нығайтуға" шақырды.

XS
SM
MD
LG