Оның сөзінше, жергілікті тұрғындардан жақындарының үйлерін, көліктерін, ірі ақшаны ойынханаларға "тігетіні" жөнінде көптеген шағым түскен.
Омурзаков бұл мәселені шешуді және есеп беруді тікелей Бороновқа тапсырған.
Қырғызстанда 2012 жылдан бері казино және ойын автоматтары қызметіне, 2015 жылдан бастап букмекерлік орталықтарға, 2017 жылдан бері кез-келген мемлекеттік ұтыс қызметтерінің түрлеріне тыйым салынған.
Бірақ парламент депутаттары тыйымның бәрібір жұмыс істемей отырғанын, құмар ойындарды ұйымдастырушылар Интернет арқылы істерін жалғастырып жатқанын айтады.