Өзбекстан президенті түркімен басшысын "Көксарай" резиденциясында қабылдамақ. Сонымен бірге екі ел президенті Ташкент қаласындағы Ашхабад даңғылының ашылу салтанатына қатыспақ.
24 сәуірде Гурбангулы Бердімұхамедов Хорезм облысына барып, «Улли ховли» мен Хивадағы «Ичан кала» кешеніне бас сұғады деп жоспарланып отыр.
Дереккөзге қарағанда, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұл сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтан ТАПҮ (Түркіменстан- Ауғанстан- Пәкістан-Үндістан) газ құбыры жобасының құрылысына қаражат сұрауды көздеп отыр.