Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, "Восток" әуе компаниясының ұшағы оқу-жаттығуға шығып, қала шетіндегі жазықтыққа қону кезінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ жерге құлаған уақытта жанған, оның қалдықтары бір шақырым радиусқа шашылып қалған.
Қылмыстық іс қозғалды. Тікұшақтың апатқа ұшырауына қолайсыз ауа райы - тұман, техникалық ақау немесе ұшқыш қателігі себеп болуы мүмкін. Құлаған Ми-8 тікұшағының екі "қара жәшігі" де табылды.
12 сәуірде Хабаровск өңірінде аза тұту күні жарияланды.