Сот прокурордың шағымын есепке алып, Таңатарованың жаза мерзімін 9 жылдан 10 жылға ұзартты.
Сотталушы Сирияға кетпек болғанын мойындаған. Оның бауыры Жалғас Таңатаров "Жансая кәмелетке толмағанды террористік ұйым қатарына тартты" деген айыппен мүлдем келіспейді деді.
Тергеу мәліметі бойынша, 30 жастағы Жансая Таңатарова "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатарына қосылып, Сирияға өзімен бірге 17 жастағы күйеуінің туысын алып кетпек болған. Ол Қарағандыдан кетер кезде, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ұстаған.