Ссылки доступа

Ташкентте экс-бас прокурордың ісіне байланысты 25 адам ұсталды


Иллюстративті сурет.
Иллюстративті сурет.

Өзбекстан ішкі істер министрлігі мен бас прокуратурадағы дереккөзге қарағанда, Ташкентте бір күннің ішінде жиырма бес шенеунік ұсталған.

Ұсталғандардың бәрі күш құрылымдарында, салық комитетінде лауазымды қызметте істеген. Олар Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Кадыров пен Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Мираглам Мирзаевтың ісі бойынша сұралған.

– Ұсталған оншақты күдікті Өзбекстанның әр облысында түрлі деңгейде прокурор болып жұмыс істеген. Олардың ішінде бас прокуратура жанындағы салықтық, валюталық қылмысқа қарсы департаментте істегендер де бар. Ұсталғандардың бірі – Зиёдулла Иногамов – Мираглам Мирзаевтың әйелінің інісі. Ол Чиланзар ауданында коррупцияға қарсы департамент бөлімінің басшысы болған. Ал қалған сегізі ұлттық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген, – деп хабарлайды аты-жөнін жасырған өзбек шенеунігі.

Ташкенттегі дереккөздің хабарлауынша, 18 күдікті ІІМ-нің тергеу абақтысында, ал қалған жетеуін тергеуден кейін қолхат алып, үйіне қайтарған.

Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі әлі бұл оқиғадан хабарсыз екенін айтқан.

17 наурызда Самарқан облысына барған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев бас прокурор Рашид Кадыров ай сайын қарамағындағылардан ірі көлемде пара алып отырғаны үшін қамауға алынды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG