Ссылки доступа

Тәжік-өзбек шекарасында «Гүлбахор» өткізу бекеті ашылды (видео)


Қайта ашылған "Гүлбахор" өткізу бекеті Тәжікстанның Хатлон облысы мен Өзбекстанның Сурхандария облысын байланыстырады.

Тәжікстан мен Өзбекстанның оңтүстігіндегі басты тас жолда орналасқан «Гүлбахор» өткізу бекеті 2012 жылы жабылған.

Шахритус тұрғыны Зухра Мардоева осыған дейін Өзбекстанға бару қиындық туғызғанын айтады. «Жол жабық болды. Шекарашылар шетелге шығатын төлқұжат пен өзбек визасын талап етті. Өзбекстанда менің екі апам және күйеуімнің туыстары тұрады. Менде жағдай болмағандықтан оларды көруге бара алмадым", - дейді ол.

Граница больше не на замке
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

Шекарашылар «Гүлбахор» өткізу бекеті бұдан былай жеңілдетілген жүйеде жұмыс істейтінін, 5 тәулікке дейін арнайы шақыртусыз көрші елге баруға болатынын айтады.

1 наурыздан бері тәжік-өзбек шекарасындағы бірнеше өткізу бекеттері іске қосылды. Бұлар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға ресми сапары қарсаңында ашылды.

XS
SM
MD
LG