Додохоновтардың туыстары марқұмдардың денелері 5 наурызда табылғанын, бұл хабарды келесі күні ғана естірткенін айтты.
Әзірге Тәжікстан және Сауд Арабиясы бірнеше кісінің өліміне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Бахтиер Додохонов Тәжікстанда белгілі кәсіпкер болды. Он күн бұрын ол отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге кеткен. Умра 21 күнге созылады. Додохоновтардың елге қайтатын билеттері болған.