Қорғаныс министрлігі әзірге қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламады. Mash телеграм-каналының мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің 6-армиясына тиесілі Ан-26 ұшағы Алепподан Хмеймимге ұшқан. Әуе кемесінде жолаушылар да болған.
"Ұшақ Хмеймим аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бортта 33 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған", – деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. Онда сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлер болған.
Ресей тергеу комитеті ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
2018 жылдың ақпан айында Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқан ұшыраған. Ұшқыш Роман Филипов жерге қонып, бірақ құрлықтағы ұрыс кезінде қаза тапқан.