ҰҚК басшысы орынбасарының сөзінше, бағдарламада радикалдық және экстремистік көзқарастарды ұстанатындарға және терроризмге қарсы іс-қимылда төрт міндет іске орындалу көзделген.
Білісбековтің айтуына қарағанда, радикалдық көзқарасты ұстанатындар санын азайту діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, "Қазақстан қоғамының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпалын төмендету" арқылы азайту жоспарланып отыр.
"Істелініп жатқан жұмыстың тиімділігі нақты көрсеткіштермен өлшенеді. Ол бойынша, радикалдық ықпалға ұшырағандарды азайту көзделген. Радикалдар қатарына халықаралық ұйымдармен байланысы бар, оларға дем берген адамдарды және экстремизм мен терроризм насихатының ықпалымен өз бетінше радикалданған әрі өз проблемасын күшпен шешу идеясын ұстанатындарды қосамыз", - деді Білісбеков.
Оның мәліметінше, 270 миллиард теңге арнайы және құқық қорғау органдарын заманауи техникамен және басқа да жаңа құрылғылармен жасақтауға, қаруландыруға, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және құқық қорғау органдарының кәсіби біліктілігін арттыруға жұмсалмақ.