Ссылки доступа

Қазақстанда тіркелген жол апатынан қаза тапқан жеті адамның барлығы - Өзбекстан азаматтары (видео)


18 января в Казахстане сгорел пассажирский автобус с 52 гражданами Узбекистана.
18 января в Казахстане сгорел пассажирский автобус с 52 гражданами Узбекистана.

Өзбекстанның төтенже жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда тіркелген ірі жол апатынан қаза тапқан жеті азаматтың денелері жексенбі күні елге жеткізілді.

Еске салайық, 1 наурызда Маңғыстау облысында "Ақтау-Бейнеу" тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соғысып, жеті адам опат болды.

Марқұмдардың тізімін министрлік 2 наурызда жариялады. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары болғаны хабарланды.

Қазақстанда "жол ережесін бұзуға" қатысты тергеу жүріп жатыр.

Кейін Youtube бейнепорталында соқтығысқан екі көліктің жанып жатқан сәті жарияланған.

XS
SM
MD
LG