«Сұрақтар жан-жақтан келіп түсіп жатыр. Ал біз толық мәліметтің жоқтығынан жауап бере алмаймыз. Өзге де жоғары лауазымды шенеуніктердің басқа азаматтығы болса, қайтеміз? Бәрін тексерейік. Халық осылайша, өзге елдің азаматтары президент болып кетеді ме деп алаңдап жатыр», - деді Бокоев парламенттің жалпы отырысы кезінде.
Спикер Дастанбек Жумабеков депутаттың қойып отырған сұрағы қаралады деп жауап берді.
Қазақстанда 15-16 ақпанда арнайы операция кезінде 29 адам ұсталған. Олардың үшеуі қырғыз азаматы болып шыққан. Біреуі - Жогорку Кеңеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұсталған қырғыз депутатында Қазақстан азаматтығы бар екенін мәлімдеді. 26 ақпанда КТК телеарнасы күдіктілердің қалай ұсталғаны жөнінде арнайы сюжет көрсетті.