Оның айтуынша, санитар дәрігерлер Қарағандының ірі сауда нүктелерінде, қара базарларда, дүкендерде формальдегид деңгейі жоғары балалар киімі сатылып жатқанын анықтаған.
"Олардың басым бөлігі Алматы және Бішкек қалаларынан әкелінген. Формальдегид - улы зат. Ол адам ағзасына сіңіп, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін", - деді Юрий Залыгин.
Хабарларға қарағанда, тауарлар саудадан алынып, саудагерлерге 200 млн теңге айыппұл салынған.