Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың ахуалы үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен ашады.
- Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз, - дейді Бақытжан Шакенов.
Бас дәрігердің мәліметінше, бүгін де Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.