"Дәрігерлер олардың денсаулықтары нашарлағанын, бұдан өліп кетуге болатынын ескерткен. Кеңес ескерілді. Сосын олармен депутаттар Жанар Акаев пен Каныбек Иманалиев кездесіп, аштықты тоқтатуын сұраған. Олар бұрынғы әріптестерінің, саяси қайраткерлер мен халықтың тілектеріне құлақ асып, аштықты доғарды. Уақытша. Жогорку Кенештің осы істі қарап жатқан депутаттық комиссия шешімі шыққанша. Аштық қайта жалғасуы мүмкін. Қазір олар аздап тамақ, су іше бастады", - деді Кыдыкбаев.
Адвокаттың айтуынша, екі саясаткер енді Бектур Асановтан аштықты доғаруын сұрайды.
Бектур Асанов аштықты 30 қаңтарда бастады, ертесіне оған Эрнест Карыбеков қосылды, 1 ақпанда Кубанычбек Кадыровтың аштығы басталды. Түрмедегі саясаткерлер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Абдил Сегизбаевты қызметтен алып, әділ сот өткізуін талап етті.
7 ақпанда қалалық сот алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Өткен жылы 17 сәуірде Первомай аудандық соты Эрнест Карыбековты 20 жылға, Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асановты 12 жылға соттаған, ал Дастан Сарыгулов төрт жылға шартты жаза алды.
Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров "билікті күшпен басып алуға дайындалды" деген айыппен сотталса, Эрнест Карыбеков "аса ауыр қылмысты жасырған" деген айыппен жазаланды.