Бұл құжатқа Дубайда өтіп жатқан дәстүрлі Дүниежүзі үкіметтері саммитінде 12 ақпанда Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қол қойды. Меморандумды Біріккен Араб Әмірлігі, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения қабылдаған.
Қазақстан үкіметінің сайтында дүйсенбі күні жарияланған хабарламада айтылғандай, саммитке қатысушылар "азаматтардың мемлекеттік және әлеуметтік қызметке ризашылығын арттыру" мәселесі талқыланған.
Форумда БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірлігінің басшысы Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның мәлімдеуінше, "әлемге халықтардың бақыты мен әл-ауқаты үшін жұмыс істейтін коалициялардың жаңа түрлері қажет".
Біріккен Араб Әмірліктерінде "бақыт" термині түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар жұмысының басты мақсаты ретінде қолданылады. Форум 14 ақпанда аяқталады.