Полиция қызметкерлері жаңа технологияны бейнебақылау камералары орнатылмаған орындарда жұмыс істеуге көмектеседі. Арнайы көзілдіріктердің көмегімен құқыққорғау қызметкерлері жеті қылмыскерді ұстап үлгерді. Бұған қоса полиция жалған құжат пайдаланған 26 адамды анықтаған.
Дегенмен мұндай технологияны қолдану адам құқығын қорғаушыларды алаңдатып отыр. Олар арнайы көзілдірікті диссиденттер мен аз ұлттарды қудалауға пайдалана ма деп сескенеді.
Ресми статистика бойынша, Қытайда 170 миллионнан астам камера орнатылған. Аз ұлттарды қудалауда технологияны қолданғаны үшін Қытай билігі талай мәрте сынға ұшыраған.