Қазіргі заңдарда "діни сенімге тіл тигізгендерге" қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірақ атеистер туралы ештеңе айтылмаған. Заң жобасында діндарларға немесе дінге сенбейтіндерге дінге қатысты тіл тигізгендерге 50 айлық есептік көрсеткіш — 120 мың теңге ($370), ал заңды тұлғаларға 481 мың теңге ($1483) айыппұл салу қарастырылған.
Азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі вице-министр Берік Арынның айтуынша, осындай ұсыныс мәселені басқа да дін өкілдерімен талқылау кезінде туындаған.
Оның пікірінше, дінге сенбейтіндер қазір дінге қатысты пікірін көрсетуден қорқып қалған.
"Сену немесе сенбеу - азаматтардың өз құқығы және еркіндігі", — деді Берік Арын.
Министрлік ұстанымын заң жобасы талқыланған жиынға қатысқан мемлекеттік орган қызметкерлері мен депутаттар қолдады.