Заң жобасы қабылданған жағдайда Қауіпсіздік Кеңес елдегі орталық басқару тетігі болып саналады әрі ондағы шешімді атқарушы билік міндетті түрде орындау қажет болады.
Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азия қорының жетекшісі, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева аталған заң жобасы елдегі саяси жүйені өзгертеді деп ойламайды. Оның пікірінше, әскери тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін, Қауіпсіздік Кеңестің құрылымын өзгертуге тура келген. Себебі билік транзиті кезінде, қауіпсіздік мәселесіне аса мән бермек.
«Конституционализмді және демократияны дамыту институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев заң жобасынан биліктің ауысына дайындалуды көреді.
"Билік транзиті кезінде кім өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Егер келесі президент кезінде елде «форс-мажор» басталса, онда елбасы Қауіпсіздік кеңес арқылы жағдайды бақылауға алуы мүмкін",- деп есептейді Мереке Ғабдуалиев.
2017 жылы Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ол парламент пен үкіметтің рөлін күшейтуге бағытталған. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы конституциялық реформаны билікті бөліп алуға шектеу қою деп баға берген.