Осылайша Өзбекстанға визасыз кіре алатын елдер саны 16-ға жетті.
Қазір тоғыз елдің азаматтары бұл елге визасыз жүйемен келе алады: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украина, және Қырғызстан (60 күнге дейін). Өзбекстан азаматтары да бұл елдерге визасыз барады.
Бұған қоса президент Мирзияев осы жарлығымен 10 ақпаннан бастап 39 елдің азаматтарына туристік визаларды рәсімдеу тәртібін жеңілдетті.
Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігіне туристік ваучер немесе Өзбекстаннан шақырту өткізу талабы алып тасталынды. Осылайша жеңілдетілген виза жүйесі бар елдер саны 15-тен 51-ге жетті.