Абдулланың жансыз денесін ол суға батып кеткен жерден тапқан.
Сол күні ол сыныптасы Шохжахон Рузибоевпен бірге сабақтан үйіне қайтып келе жатқан. Досының каналға құлап кеткенін көріп, құтқару үшін, мұзды суға сүңгіп кеткен. Шохжахонды құтқарғанымен, өзі батып кеткен.
«Каналдың ағысы өте қатты. Абдулланың денесін екі күн өткеннен кейін барып тапты», – дейді көршісі.
Абдулла Рузибоев Ташкенттегі Алмазар ауданының №134 мектебінде үздік оқыған.
Алмазар ауданының тұрғындары су каналының айналасы қоршалмағанын, кез келген адам үшін өте қауіпті екенін айтады.